447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық тұрғынның пәтерге кіріп-шығуы мұңға айналған

  • 164
  • UPD: 09:34, 12.02.2020

Екібастұзда жергілікті әкімдік бірінші топтың мүгедегіне бесінші қабаттан пәтер берген, деп хабарлайды «Хабар 24»

Арбаға таңылған Саят Самаровтың  жағдайын айтып, волонтерлер дабыл қақты. Мүмкіндігі шектеулі жан бесінші қабаттан қабырғаға сүйеніп түссе, жоғары қарай еңбектеп шығады. Ал оның арбасын сыртқа жанашыр адамдар шығарып береді екен.

Саян Самаров – Семей өңірінің тумасы. Бірінші топтың мүгедегі анасымен бірге тұрады. Оның да денсаулығы сыр берген.

Алмагүл Самарова, 3-топ мүгедегі:

– Өзім мүгедекпін. Мына бала 1-топ мүгедегі. Бейшара 5-қабатан түсіп шыққанша жылап еңіреп түседі. Күнде маған жылайды мама әкімдіктен төменгі қабаттан үй сұрашы деп.

Кембағал жандардың ауыр тағдыры  волонтерлерді бей жай қалдырмаған. Олар отбасына жан-жақты көмек көрсетіп  келеді.

Батырхан Сүлейменов, волонтер:

– Ол бесінші қабатқа  еңбектеп шығады. Арбасын алып шығуға шамасы жетпейді. Сондықтан қайырымды жандардың көмегін күтеді. Біз осындай қиын жағдайды естіп шыдай алмадық. Әкімдіктен, сіздерден көмек сұрауға мәжбүр болдық.

Саян Сарманов, 1-топ мүгедегі:

– Бас ауырады, іш пысады. Кішкене қыдырғың келеді. Кісілермен әңгімелескім келеді. Үйде отырғым келмейді.

Бұл отбасының мәселесі жергілікті биліктің назарында. Көп кешікпей төменгі қабаттан баспана беруді қарастырып жатыр.

Наталья Нефёдова, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары:

– Уақытша баспана шынымен де 5-ші қабаттан тиді. Пәтер берілген кезде отбасы мүшелері ешқандай қарсылық білдірген жоқ. Өйткені 40 мың теңгеге пәтер жалдап тұрған. Мемлекеттік реестрде тұрған қызметтік баспана үшін тек коммуналдық қызметтің ақысын төлейді.

Екібастұзда қазір әлеуметтік баспананың құрылысы жүріп жатыр. Бұл отбасы кезек бойынша үйді бірінші қабаттан алады. Ал 60 адамнан тұратын  Екібастұздың волонтерлері гуманитарлық – іздестіру бағытында да жұмыс атқарады.

Самал Дүйсенбаева, волонтер:

– Бізде қазір 3 адам  із-түзсіз кеткендер санатында. Жоғалған адамдардың іздеп тапқан кездеріміз де болады. Екі әйел адамды тауып, Павлодарға жібердік. Жуырда Горбузняк Виталий деген жігітті еліне қайтардық. Ол Қарағанды облысының тұрғыны екен. Көше кезіп, подъезде түнеп  жүрген жерінен әкесінің қолына табыс еттік.

Волонтерлер кезбелікке салынған адамдарды  ыстық тамақ,  киім-кешекпен қамтамасыз етеді. Көп балалы аналар да жәрдем сұрап жиі келеді екен. Оларға  азық-түлік жағынан  көмек көрсетіледі.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы