447,59 487,00 5.74

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел астанасында тұрғын үй құрылысының көлемі 3 есе өседі

  • 153
  • UPD: 15:36, 12.02.2020

Елорда маңындағы елді мекендерде 100 көше, 5 медициналық мекеме, 4 спорттық-сауықтыру кешені жөндеуден өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейбірі жаңадан салынады. Жылы аялдамалар орнатылады. Бұл жөнінде халықпен есептік кездесу өткізген қала әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті. Атап өтейік, бас шаһар маңында 280 мыңнан астам адам тұратын 16 елді мекен бар. Бұл қала халқының 25 проценті. Сонымен қатар ел астанасында тұрғын үй құрылысының көлемі 3 есе өседі. Қазір 48 мың адам үй кезегінде тұр. Былтыр кезекте тұрған 2900 азаматқа пәтер берілді. Биыл 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл шамамен 8 мың пәтер. Ал, 2021 жылы сегіз жарым мың пәтер пайдалануға берілмек. Тағы бір өткір мәселе – үш ауысымды мектептер. Аталған проблема кезең-кезеңімен шешілмек.

Алтай Көлгінов, қала әкімі:

– Бізде 8 мектеп 3 ауысымда.14 мектеп шамадан тыс. Яғни балалардың саны көбейіп кетті. Оны қалай шешу керек? Өткен жылы біз 6 мектеп аштық. Ол жерде 5 мың орынға баланы қамтамасыз еттік. Биыл біз өткен жылдан 2 есеге көп мектеп ашамыз. Өткен жылдан басталған мектеп биыл аяқталады. 10 мың орындық мектепті біз аяқтаймыз. Ол да едәуір жеңілдетеді. Бірақ ол да әлі жеткіліксіз. Сондықтан біздің кешенді жоспарымызда 50 мектеп салыну жоспарланған.

 

Хабар 24 телеарнасы