425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрғалым Әбдіров Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды

  • 800
  • UPD: 17:56, 12.02.2020
Нұрғалым Әбдіров Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды

Мемлекет басшысының келісімімен ҚР бас прокурорының 12 ақпандағы бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы тағайындалды.

Нұрғалым Әбдіров 1967 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарында қызметін 1991 жылы бастаған. Бас прокуратураның үш департаментін басқарған. Олар: арнайы прокурорлар, тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау, ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаменттері.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы, Оңтүстік Шығыс өңірлік көлік прокурорларының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары прокуратураларын басқарған.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 28 жылдан асады.

Осыған дейін Жамбыл облысы прокурорының лауазымын атқарған Құсайынов Ж.Қ. Бас прокуратураның өкіміне енгізілді.

Ақпарат көзі: prokuror.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы