411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жиі пара алатын министрліктер тізімі жарияланды

  • 260
  • UPD: 15:37, 13.02.2020
Жиі пара алатын министрліктер тізімі жарияланды baribar.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингте өңірлердің теріс рейтингі шықты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз орталығында Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова 2019 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері туралы айтты.

Агенттік жүргізген мониторинг бойынша жемқорлыққа бейім орталық мемлекеттік органдардың ішінде топ бестік ретінде ІІМ, Қаржы, Қорғаныс, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктері анықталған.

Мониторинг көрсеткендей, өткен жылы әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандардың ең көп саны Түркістан – 37, Шығыс Қазақстан – 37, Жамбыл – 30, Ақмола – 19, Алматы және Қостанай облыстарында – 15-тен, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында – 14-тен.

«Жергілікті атқарушы органдарда көбінесе сыбайлас жемқорлық қылмыстар білім беру, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, сәулет және құрылыс, ТҮКШ салаларында жасалған», – деді А.Жарова.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа барынша бейім жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ұсынды.

Ақпарат көзі: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы