381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

  • 120
  • UPD: 18:39, 13.02.2020
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжат азаматтардың саулығын нығайту және денсаулыққа қатысты әділетсіздіктерді азайтуды көздейді. Елжан Біртанов өз сөзінде медициналық-санитарлық көмекті нығайту қажеттігін атап өтті. Бұл бағытта жаһандық деңгейде де жұмыс істеу қажет. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге медициналық қызметтер мен дәрілік заттарға, оның ішінде вакциналарға қолжетімділікті жақсарту шараларын бірлесе атқару ойын білдірді. Сондай-ақ, ол төтенше жағдайлар бағдарламасына ерекше назар аударатынын жеткізді. Енді тараптар ынтымақтастық туралы келісім аясында  өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтермек.

Хабар 24 телеарнасы