422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

6 өңірдің Қылмыстық атқару жүйесі департаменттеріне жаңа басшы келді

  • 796
  • UPD: 11:09, 14.02.2020
6 өңірдің Қылмыстық атқару жүйесі департаменттеріне жаңа басшы келді

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен бірнеше өңірде Қылмыстық атқару жүйесі департаменттерінің басшылары ауысты, деп хабарлады Рolisia.kz.

Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы болып әділет подполковнигі Шәмшиев Алмас Абжанұлы;

Алматы облыстық департаментіне әділет подполковнигі Әбдікәрімов Серік Жақсылықұлы;

Алматы қаласының департаментіне әділет подполковнигі Қанатбеков Дархан Тұрсынұлы;

Батыс Қазақстан облыстық департаментіне әділет подполковнигі Ізтілеуов Азамат Әбдіғалиұлы;

Қарағанды облыстық департаментіне әділет подполковнигі Такешов Ғазиз Әбікенұлы;

Солтүстік Қазақстан облыстық департаментіне Ахметжанов Рустан Серікұлы тағайындалды.

«Тағайындалған басшылар бұған дейін облыстардың Қылмыстық атқару-жүйелерінде басшылық қызметтер атқарған және пенитенциарлық жүйеде көпжылдық тәжірибеге ие екендігін айта кету керек», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 13 ақпан күні ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы ауысты. Ведомствоның жаңа басшысы болып Жанат Болатұлы Ешмағамбетов тағайындалды

Хабар 24 телеарнасы