448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстауда «Тұрғын үй қорын жаңғырту» жобасы аясында баспаналар жаңа кейіпке еніп жатыр

  • 127

Маңғыстау облысында «Тұрғын үй қорын жаңғырту» жобасы екі жылдан бері жүзеге асып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жобаның артықшылығы, баспананы жөндеу кезінде озық технологиялар қолданылады. Мәселен, автоматты жылу беру құралы орнатылған үй тұрғындары коммуналдық төлемді аз төлейді. Көшеге орнатылған құрылғы күн райына қарай пәтерге жылу беру тәртібін өздігімен реттеп отырады. Тұрғын үйлерді жөндеу үшін қаржы мемлекеттен төленеді. Кейін пәтер иелері мердігер мекеме алдындағы қарызын бірнеше жыл бөліп өтейді. Бұған дейін Ақтауда жиырма, облыс бойынша он екі үй осы тәртіппен жөнделген. Биыл тағы бірнеше баспана қалпына келтірілмек.

Светлана Демирова, қала тұрғыны:

– Үйіміз 1964 жылы салынған. Шатырының сынған жерлерінен жауынды күндері су сорғалап тұратын. Қазір жабынқыш төселгелі пәтер ішіне тыныштық орнады. Шатыр бойлай суағарлар орнатылған. Олар арқылы ылғал үй алдындағы бақшаға төгіледі.

Ахат Өтепов, мердігер мекеме жетекшісі:

– Қазір нанотехноолгия деген бар: «Пинеторон», «Изолат» деген сияқты. Біріншісі жағылғаннан кейін су жібермейді, ылғал өткізбейді. Ал изолат деген нәрсе үйдің жылуын сыртқа шығармайды, сырттың салқынын үйге кіргізбейді. Біз екі жарым жыл осы үйге кепіл боламыз.

Хабар 24 телеарнасы