429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте заңсыз қару жасағаны және өткізгені үшін қылмыстық топ мүшелері сотталды

  • 570
  • UPD: 17:01, 17.02.2020
Шымкентте заңсыз қару жасағаны және өткізгені үшін қылмыстық топ мүшелері сотталды

2020 жылғы 6 ақпанда Шымкент қ. Әл-Фараби ауданының соты атыс қаруын заңсыз жасаумен және оны өткізумен айналысқан қылмыстық топқа қатысушыларға үкім шығарды.

Сонымен, К.Дрейлинг ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») және 288-бабы 2-бөлігі («Қаруды заңсыз жасау») бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Ю.Разин осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Р.Ибрагимов пен В.Завзин 3 және 4 жылға шартты түрде сотталды.

Ақпарат көзі: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы