422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысындағы «Қошқар ата» қоймасын көгалдандыру биыл да жалғаспақ

  • 710
  • UPD: 09:56, 19.02.2020
Маңғыстау облысындағы «Қошқар ата» қоймасын көгалдандыру биыл да жалғаспақ

«Қошқар ата» қалдықтар қоймасының маңына сексеуіл егу биыл да жалғасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жұмыстар Маңғыстау облысында соңғы бес жылдан бері жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мақсат – желді күндері қоймадан көтерілетін радиоактивті шаң-тозаңның елді мекендерге таралуын бәсеңдету. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 88 гектар жерге сексеуіл көшеттері егілді. Осы бағыттағы іс-шараларды атқаруға облыс бюджетінен 200 млн теңге бөлініп, игерілген болатын. Енді жуық арада 150 гектар жерге жасыл желекті отырғызу басталмақ. Оның жобалық-сметалық құжаттарын рәсімдеуге 11 млн теңге қаралған. Жоспар бойынша бұл жұмыстар үш жылда аяқталуы тиіс.

Дүйсен Құспеков, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

– 2015 жылы 8 гектар жерге егіп көрдік. Сексеуіл жақсы өсіп кетті. Содан кейін біз бұл жұмысты әрі қарай жалғастырдық. Биылғы жылдың басында тағы да қаражат бөлініп, ғылыми негіздеме жасау үшін конкурс жариялаған болатынбыз. Оның қорытындысы осы жұманың соңында шығады. Соған байланысты әрі қарай жұмысымызды жалғастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы