443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ішкі істер министрі азаматтарды қабылдады

  • 169
  • UPD: 18:11, 19.02.2020
Ішкі істер министрі азаматтарды қабылдады

Жергілікті жұрттың мәселелерін шеше алмаған полиция басшылары бүгін сынның астына алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған қоса, кейбір жабылып қалған істер қайта көтеріліп, оны тыңғылықты тексеру тапсырылды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев кезекті рет азаматтарды қабылдаған болатын. Бұл жолғы шараға 70-тен аса адам келді. Бұған қоса, онлайн байланыс арқылы өңір-өңірден хабарласып жатқандар да болды. Көтерілген мәселенің басым бөлігі полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі, іс жүргізудегі салғырттықтар және сот шешіміне келіспеушіліктерге қатысты. Өз кезегінде Ерлан Тұрғымбаев шағымдарды тыңдай отырып, барлық мәселені қарауға уәде берді.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:

- Анализ жасап қарайтын болсақ, азаматтардың шамамен 80%-і өзіне қанағаттанарлық жауап алады. Міне, бүгін де түрлі сұрақпен келіп жатыр. Олардың әрқайсысын министр жеке тыңдап, қолдан келгенше әр азаматтың жағдайы түпкілікті шешілуіне әрекет етіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы