435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде парақор деп айыпталған шенеунік сотта ақталды

  • 203
  • UPD: 21:55, 19.02.2020
Ақтөбеде парақор деп айыпталған шенеунік сотта ақталды

Алаяқтық бабы бойынша істі болған Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Жанаргүл Дүйсекенова соттан ақталып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол «90 миллион теңгеге жуық пара алды» деп айыпталған болатын. Естеріңізге сала кетейік, шенеунікпен қатар халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Гүлайым Нұрмұханова да қамауға алынған еді. Тергеу материалында олар «баспана алып береміз» деп 50-ге жуық адамды алдады» деп көрсетілген. Алайда, сот кезінде Жанаргүл Дүйсекенова «прокурор таққан айыпты негізсіз» деп мәлімдеді. Сот та оның бұл іске қатысы бар екендігін дәлелдейтін айғақтың жоқтығын айтып, сот залынан босатты. Ал, кінәсін толығымен мойындаған екінші айыпталушы 6 жылға сотталды. Ол енді жәбірленушілердің шығынын да өтеуі тиіс.

Жанаргүл Дүйсекенова, Ақтөбе қаласы тұрғыны:

- Қалалық сотқа ризашылығымды білдіремін, істі дұрыс қарағаны үшін. Ал, жұмысқа қайтып барамын ба оны уақыт көрсетеді. Бірінші кезде мен өз денсаулығыммен, анамның денсаулығымен айналысамын.

Хабар 24 телеарнасы