435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы орталық көшеге Абайдың есімін беру ұсынылды

  • 187
Оралдағы орталық көшеге Абайдың есімін беру ұсынылды

Оралдағы қоғам белсенділері орталық даңғылдардың бірін Абай Құнанбайұлының атымен атауды жөн көреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ұсынысты арнайы комиссия қарап, көпшілік тарапынан қолдау тапқан.

Айта кету керек, өңірде ақынның 175 жылдығына орай түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Таяуда ғана Жайық өңірінде Абай жылы салтанатты түрде ашылған болатын.

Ақұштап Бақтыгереева, ақын, Қазақстан жазушылар одағы ОФ төрайымы:

– БҚО-да аздаған қаламгерлер бармыз, яғни Жазушылар Одағының мүшелері. Сондай бастама көтеріп, қаламыздағы ең үлкен көшенің бірі, бір кезде «Дзержинский» аталған, одан кейін «Евразия» аталған үлкен көшеге Абайдың есімін беруге ұсыныс жасағанбыз. Сол ұсынысымызды халық қолдайды деп ойлаймын. Мұндағы мақсат – жас ұрпақ «қайдан келесің, қайда кездесеміз» дегенде: «Абай деген ұлы бабамыздың көшесінде кездесеміз» деп өсуі керек.

Серік Қайырлиев, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

– Бұл жұмыс тобында өңірімізге танымал тарихшылар, ақын-жазушылар, көптеген зерттеуші қатысты. Қаланың депутаттары, этнос өкілдері түгелдей қатысып, өздерінің қолдауларын білдірді. Қала тұрғындары толықтай қолдайды деген үміттеміз. Қазіргі уақытта қала әкімі жанындағы жұмыс тобымен қаралып талқыға салынды, әрі қарай көпшілік тыңдаулар жүргізеледі, бұған айтарлықтай қаражат кетпейді.

Хабар 24 телеарнасы