448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет браконьерлерге қатысты нақты шараларды қолға алуы тиіс

  • 68
  • UPD: 15:32, 21.02.2020
Үкімет браконьерлерге қатысты нақты шараларды қолға алуы тиіс

Браконьерлердің бейберекет әрекетіне жол берілмес үшін Үкімет нақты шараларды қолға алуы тиіс.

Сала мамандары бас қосып, құзырлы орган өкілдеріне сын-ескертпе айтты. Олардың айтуынша, тиісті заң жобасы мен инфрақұрылымның жоқтығы аңшылық туризмін дамытуға кедергі келтіріп тұр. Ол үшін ең алдымен тиісті ғылыми талдау жасап, аңшылықты дамытудың стратегиясын қабылдау қажет. Еуропа елдерінің тәжірибесін алға тартқан мамандар сан түрлі шектеудің орнына, бизнесті ынталандыру тетіктерін енгізуді ұсынды. Мәселен, Чехия елінде жабайы аң-құстардың шаруашылығы жолға қойылған. Академик Серікбек Дәукеевтің пікірінше, ауыл-аймақта осы шараларды қолға алса, мыңдаған жұмыс орнын құруға болар еді. Бұл ретте мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, демеуқаржы бөлінуі тиіс.

Серікбек Дәукеев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

- Сонда аңшылық етуге сол аңшылық қожалықтарда өте арзан болады. Адамдар сол жаққа келеді, жабайы аңдарды браконьерлер атпайды. Мақсат сол. Соның барлығын жасауға болады ғой. Ол барлық жағынан, салық жағынан, жұмыс орны жағынан, ет жағынан, туризм жағынан пайдалы.

Хабар 24 телеарнасы