Атырауда көпбалалы және аз қамтылған 72 отбасы қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Береке» ықшам ауданында орналасқан жаңа үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған. Бұл – несиелік пәтерлер. Баспана азаматтардың қалауы мен қаржылық қабілетіне қарай бір, екі және үш бөлмеден тұрады. Әр шаршы метрі 180 мың теңге шамасында. Оны мүмкінідігіне қарай бөліп төлеуге болады. «Нұрлы жер» бағдарламасының осындай қолайлы ережесін атыраулықтар кеңінен пайдалануда. Былтыр осындай 1500 пәтер өз иелерін тапты.
Жанар Есниязова, көпбалалы ана:
– Кезекке 2013 жылы тұрдым. Биыл алып жатырмыз.
Рафхат Жолдиев, қалалық тұрғын үй секторының меңгерушісі:
– Атырау қаласы бойынша 21 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегіне тіркелген. Алдағы уақытта 4 үй беру жоспарланып отыр. Сол үйлерді құрылысы бітуіне қарай кезектегі адамдарға комиссия шешімімен бөліп беретін боламыз.