411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтау халықаралық әуежайында асқазанында есірткі тасымалдағандар ұсталды

  • 310
  • UPD: 18:02, 24.02.2020
Ақтау халықаралық әуежайында асқазанында есірткі тасымалдағандар ұсталды ҚР ҰҚК

2020 жылғы ақпанның басында Ақтау халықаралық әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ираннан героин есірткі затының контрабандасын ұйымдастыру фактісі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстады, ол ұсталғандардың асқазанында тасымалданған.  

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұсталғандардың ішкі құрылысынан 302 героин капсуласы табылып, алынды, құны 50 миллион теңге болатын олардың жалпы салмағы шамамен 1 келіні құрады.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі, 286-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы мен 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Ақпарат көзі: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы