443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 125 елді мекенді су басуы мүмкін

  • 203
  • UPD: 08:09, 25.02.2020
Ақмола облысында 125 елді мекенді су басуы мүмкін

Ақмола облысында жүзден аса елді мекен көктемгі су тасқынынан зардап шегуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең қауіпті аймақтар – Ерейментау, Целиноград, Аршалы, Астрахань, Атбасар мен Сандықтау аудандары. Қазір облыста көктем маусымына дайындық басталды. 700 мың текше метр қар полигондарға шығарылды. Қауіп төнген жағдайда топан судың жолын бөгейтін 6 тоннадан астам инертті материал дайындалған. Төтенше жағдайлар департаменті бастығының айтуынша, көктемгі су тасқынымен күреске 2 мыңдай маман дайын. Қажет болса, оңтүстік өңірлерден құтқарушылар көмекке келуі тиіс.

Алексей Советов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:

– 979 техниканы даярлап қойдық. Әзірге барлық ауданда қар шығарылуда. Инерттік материалдар, жанар-жағармай мен қаптар әзірленуде.

Хабар 24 телеарнасы