423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алғыс айту күнін қызылордалықтар қалай атап өтуде

  • 913
  • UPD: 14:50, 28.02.2020

Алғыс айту күні мерекесі Сыр өңірінде бүгіннен бастау алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен ғасырдың 30-40 жылдары жаппай Қазақстанға жер аударылған сан алуан этностың бір шоғыры Қызылорда облысының Қазалы ауданында қоныстанып, тамырын тереңге жайған еді. Бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығымен қабат келген мәдени шаралардың бірі осы Қазалыда өтуде.

Нұрлан Жақыпбеков, тілші:

– Елімізде 130-дан астам ұлыс болса, Қазалы жерінде 14 этнос өкілдері тату тәтті өмір сүруде. Олардың ата-бабалары тағдырдың айдауымен жер бетіне тарыдай шашылғаны белгілі. Кеңпейіл қазақ халқы қолындағы барымен бөлісіп, бүгінгідей берекелі, бейбіт кезеңге бірге аяқ басуға бастамашы болғаны сөзсіз.

Дастарханда бірнеше ұлттық тағам қойылған. Бұл да – мерекелік шараның бір ерекшелігі.

Хәкім Абайдың өміршең өлеңдерін өмірлік өнеге еткен өзге ұлт өкілдері де аз емес. Соның бірі Наталия Баркова «Көзімнің қарасы» әнін орындып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Наталия Баркова, Әйтеке би кентінің тұрғыны:

– Ұлы Абайдың қара сөздері, өлеңдері, әндері, күйлері терең мағынаға ие. Мен өзім қазақ мектебінде оқығанмын. Қазақ тілін жетік меңгердім. Сондықтан қазақ әндерін айтқанды ұнатамын. Осындай достыққа берік қазақ халқына деген алғысымды өнеріммен жеткізгім келді. Ұстаздық қызметте де жақсы жетістіктерге жетіп, еліміздің дамуына үлес қоса беремін. Мереке құтты болсын!

Тарихты танып, құндылықтарды қастерлеп, бірлікті нығайту. Иә, «Алғыс айту» күнінің түп төркіні осындай игі бастамалардан құрылғаны анық. Бірнеше ұлыстың өнерін бір сахнада тоғысты. Бұл да осы елде тамыр жайған талай ұлттың қазақ халқына деген алғаусыз алғысы, ыстық ықыласы болса керек.

Хабар 24 телеарнасы