445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰҚСК қатысушылары: Халықтың билікке деген сенімін арттыру керек

  • 90
  • UPD: 19:02, 28.02.2020
ҰҚСК қатысушылары: Халықтың билікке деген сенімін арттыру керек

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – мемлекеттік институтқа айналмауы керек.

Бұл ғылым комитеті Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Амангелді Қашқынбаевтың пікірі. «Ұлттық кеңес: қоғамдық келісімді қайта жандандыру» атты пікірталас клубының отырысында саясаткерлер мен қоғам белсенділері ұлттық кеңестің рөлі мен маңызын қайта саралап көрді.»Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ұсыныстар тыңдалды. Саясаттанушы Ерлан Саиров әлемде келіссөздер алаңы саяси процестерді іске асырудың тиімді механизмі екенін атап өтті. «Басты мақсат – халықтың билікке деген сенімін арттыру», - дейді қатысушылар.

Амангелді Қашқынбаев, ҚР БҒМ Ғылым комитеті мемлекет тарихы институты директорының орынбасары:

Түйеқұс деген бар. Қорыққан кезде басын құмға тығып жата қалады. Біздің, өкінішке қарай, билік соған айналып бара жатқан сияқты. Кез келген мәселеден қорқамыз. Соған байланысты кенеттен бір шешімдер қабылдап отыруға тырысамыз. Ол тұрақтылыққа әкелмейді. Ұзаққа бармайды. Сондықтан осыдан қашуымыз керек. Бүгінгідей болып жатқан жиналыстарды сіздер арқылы қоғам білу керек. Мәселе көтеріліп жатыр, мәселе қарастырылып жатыр, жолдары іздестіріліп жатыр деген сияқты.

Хабар 24 телеарнасы