443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысының Үштөбе ауылында мұқтаж жандарға тегін нан таратылды

  • 152
  • UPD: 10:13, 29.02.2020
Қарағанды облысының Үштөбе ауылында мұқтаж жандарға тегін нан таратылды

Қарағанды облысының Үштөбе ауылында мұқтаж жандарға тегін нан таратылды.

Ауыл мешітінің жамағаты мен жергілікті кәсіпкерлер бірлесіп, 5 дүкенге 500 бөлке нан жеткізген. Енді әрбір жұма күні бұл игі іс дәстүрлі түрде жалғасып тұрмақ. Мұнда қазір 5 мыңға жуық халық тұрады. 10 дүкен бар. Ұйымдастырушылар келешекте сауапты іске өзге кәсіпкерлер де үн қосады деген ниетте.

Айта кету керек, ауылдағы дүкен қожайындары алдағы Рамазан айында арақ-шарап сатуды да шектейтіндіктерін мәлімдеп отыр. 

Нұржігіт Мұсабеков, орталық мешіттің наиб-имамы:

- Онға жуық дүкен бар, солар кезектесіп, мешіттің имамдарымен бірлесіп, әрбір кәсіпкерге барып өтінішімізді, ниетімізді айтып жатамыз. Ол кісілер оң пікір білдіріп, құптап, сауапты іске біз де қатысайық деген ниетпен әр жұмада 2 немесе 3 дүкендерімізде халыққа 100-200 нан көлемінде тегін таратылып жатады.

Хабар 24 телеарнасы