443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасының көрермендері шытырманға толы журналистік зерттеуге куә болады

  • 148
  • UPD: 19:54, 29.02.2020

«Хабар» арнасының қоржыны тағы бір жаңа жобамен толығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы көрермендер шытырманға толы журналистік зерттеуге куә болады. Әр істі майшаммен қарайтын арна тілшілері қалың елді шынайы әрі дәлме-дәл ақпаратпен таныстыру үшін еш нәрседен тайсалмайды. Қоғамды толғандырған мәселелердің бүге-шүгесіне дейін баяндап, оқиғаларды қаз-қалпында жеткізеді. Күрмеуі көп түйткілдердің тереңіне үңілген тілшілердің туындысын әр сенбі сайын тамашалай аласыздар. Бүгін 20:15-те бағдарламаның алғашқы бөлімі көрерменге жол тартады. Онда «Бек Эйр» ұшағына қатысты апаттың жай-жапсары көрсетіледі.

Айгүл Әділова, «Отдел журналистских расследований» жобасының жетекшісі:

– Біздің ұжымның мақсаты - жауапсыз қалған оқиғаларды халыққа түсінікті етіп жеткізу. Бәлкім ол жемқорлық мәселелері немесе сотқа дейін барған атышулы істер болуы әбден мүмкін. Осындай қалың көпшіліктің жағасын ұстатқан оқиғалардың тереңіне үңіліп, шындыққа көз жеткізсек дейміз. Өкінішке қарай мұндай істер аз емес. Сол үшін нар тәуекелге барып, кәсіби тұрғыда журналистік зерттеу жүргізуді қолға алып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы