429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО: қырық жылдан бері жөндеу көрмеген ауруханаларға көңіл бөліне бастады

  • 875
  • UPD: 17:55, 01.03.2020

Шығыс Қазақстан облысында 40 жылдан бері жөндеу көрмеген емдеу мекемелеріне көңіл бөліне бастады. Үржар ауданындағы Таскескен ауылдық ауруханасының шатырын ауыстырып, жылу қазандығын жаңартуға жергілікті бюджеттен 12 миллион теңге бөлінген.

30 төсектік ауруханада іргелес жатқан Шолпан, Қарақол, Сағат, Тасбұлақ сияқты ауыл тұрғындары келіп емделеді. Биыл жазда күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыру көзделіп отыр. Сондай-ақ Үржар ауылында 10 мың адамға қызмет көрсететін жаңа емхана құрылысы басталмақ. Оған 204 миллион теңге қарастырылып отыр. Жалпы аудандағы медицина мекемелеріне құны 40 миллион теңге болатын заманауи құрал-жабдықтар сатып алынған. 

Заңғар Бидайықов, Үржар аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Таскескен ауылында «Ауылым – ел бесігі» бағдарламасы арқылы 54 миллион қаражат қарастырылып отыр. Оның биыл 19 миллионы облыстық бюджеттен, 35 миллионы аудандық бюджеттен бөлінеді. Бұның бастамасы биыл 2020 жылы жобалық құжаттар дайындалуда. Биыл құжаты түзеліп, келесі жылдан бастап 54 миллион осы ауруханада Таскескен амбулаториясында күрделі жөндеу жүретін болады.

Хабар 24 телеарнасы