432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

  • 922
  • UPD: 21:31, 03.03.2020
ҚР СІМ Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді Zakon.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматының коронавирус жұқтырғаны жөніндегі ақпаратқа қатысты түсінік берді.

«Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз. Бұл ақпарат расталмаған, себебі Қазақстанның Сеулдегі елшілігінің атына корей тарапынан ешқандай да ресми хабарлама келіп түспеген. Біздің дипломаттар кореялық әлеуметтік желілерде таратылған ақпараттың нақтылығын анықтауда» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматының коронавирус жұқтырғаны жөнінде ақпарат тараған болатын.

Хабар 24 телеарнасы