447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 12 мектеп апатты деп танылды

  • 75
  • UPD: 15:20, 04.03.2020

Батыс Қазақстан облысында апатты деп танылған 12 мектеп ғимаратының жағдайы мәз емес.

Өңірдегі 8 мектеп әлі күнге шәкірттерге үш ауысымда білім беріп келеді. «Аймақ билігі өзекті мәселені қалай шешпек» деген сауалға «Хабар 24» тілшісі жауап іздеп көрді.

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

- Қаладағы №25 мектеп ғимаратының да жағдайы мүшкіл. Мәселен, үшінші қабаттағы мына орыс тілі пәні кабинетінде қазір сабақ өтпейді. «Өйткені бұл жер балалардың өміріне қауіпті», – дейді ұстаздар. Қабырғалары қақырап, едені сөгілгені өз алдына, жаңбыр жауса төбеден тамшы ағады екен.

Мың шақты оқушы білім алатын мектеп ғимараты өткен ғасырдың 80-жылдары салыныпты. Содан бері мұнда бірде-бір рет жөндеу жүргізілмеген.

Дариға Рақышева, бастауыш сынып мұғалімі:

- Бұл мектепте 1984 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Қазір, міне, өзіңіз көріп тұрсыз, бәрі ескірді. Балаларға ешқандай жағдай жасалмаған. Қыста суық, терезеден жел гулеп тұрады. Бәрін жамап-жасқап амалдап келеміз. Жобалық-сметалық құжаттары дайын, енді тезірек жөндеу жұмыстары басталса дейміз.

Қаланың Зашаған аталатын аумағында 60 мыңдай тұрғын бар. Қазір құрылысы жүріп жатқан 900 орындық №51 мектепті жаңа оқу жылында пайдалануға беру көзделіп отыр.

Облоно басшысы:

Мұнда 1800 бала оқиды. 4 мектептің мәселесі шешіледі. 10,20,47 және 30 мектептің мәселесі шешіледі. Мұнда 38 мектепті көшіреміз деп жоспарлап отырмыз.

Рас. Өңірде салынып жатқан төрт мектеп мәселені түбегейлі шешпейді. Дегенмен, алдағы 3 жылда жекеменшік мектептер саны арта түспек. Сонымен бірге білім ордаларын салуға республика бюджетінен қаржы бөлу көзделіп отыр. Облыс бойынша 3 ауысымда білім беретін 8 мектептің мәселесі де өзекті күйінде. Ал, 12 мектеп апатты деп танылған.

Нұрлан Рахымжанов, қала тұрғыны:

- Қазір балаларым екі ауысымда оқып жатыр. Бірі түске дейін, түстен кейін оқып жатқандары бар. Қазіргі уақытта автобуспен барып келіп. Тарлау қиындау. Бала көп, көп болған соң сабақ сапасы төмен болады деп есептеймін. Сондықтан ата-ана ретінде бұл мектептің тезірек салынып, балалар осында көшсе дейміз.

Облыс мектептерінде 107 мың шәкірт білім алып жатыр. «Олардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету үшін әлі 86 білім ошағы күрделі жөндеуден өтуі тиіс», - дейді мамандар.  

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы