424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Алматы облысында 52 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

  • 514
  • UPD: 08:03, 05.03.2020
COVID-19: Алматы облысында 52 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

Алматы облысында коронавирусты инфекциядан қорғану мақсатында 52 млн теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның 28 млн теңгесіне вирустан қорғануға арналған заттар сатып алынған. Өңірдегі медициналық мекемелер қажетті дәрі-дәрмекпен түгелдей қамтамасыз етілді. Облыс бойынша коронавирусқа шалдықан науқастарды оқшаулауға арналған 21 оқу-жаттығу өткізілді дейді сала басшылары. Жетісу жерінде көршілес ҚХР-мен шекарада орналасқан 6 кеден бекеті бар. Ондағы сақтық шаралары да барынша күшейтілген. Алматы облысы бойынша 450 медицина қызметкері қайта даярлықтан өтті. Олар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алыс және жақын шетелдерден оралған азаматтар да дәрігерлер бақылауына алынған.

Қайрат Баймұхамбетов, облыстық ТКҚСҚБ департаментінің басшысы:

– Облысқа 2970 адам келді. Соның әрқайсысына күнделікті біздің медициналық мамандар хабарласып, жағдайын біліп тұрады. 73 адам медициналық бақылауда бар. Олардың ішінде аурудың ешқандай симптомдары жоқ.

Хабар 24 телеарнасы