435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің барлық аймағында коронавирусқа қарсы шаралар күшейтілді

  • 205
  • UPD: 22:34, 05.03.2020
Еліміздің барлық аймағында коронавирусқа қарсы шаралар күшейтілді

Жалпы ел аймақтары да осы коронавирусқа қарсы шараларды барынша күшейтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айталық, Батыс Қазақстан облысы теміржол вокзалында, Ресеймен арадағы бекеттерде бақылауды арттырды. Халықаралық әуе рейстерімен келген азаматтарға да күшейтілген санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіледі. 14 күндік карантинде болады. Одан соң тұрғылықты жері бойынша емханада қосымша 10 күн медициналық бақылауда тұрады. Қазіргі кезде өңірде 138 адам мониторингтік бақылауда.

Мұхаммед Арыспаев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бд басшысы:

- Ең біріншісі осы бізге керегі бірінші санаттағы «А» тобы мен «Б» тобы. «А» тобындағы азаматтар жоқ. Әуежайдан келетін адамдардың бәрін термометрия денесінің қызуын өлшейді. Одан кейін анкета толтырады. Олардың бәрі есепке алынып отыр. Күні бүгін әуежай бекетінен 1700 адамдай өтті. Олардың ішінде Қазақстан және шетелдің азаматтары бар. Енді ішкі рейстерге ондай тәртіп жоқ.

Хабар 24 телеарнасы