443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореядан келген азаматтар карантинге жабылды

  • 159
  • UPD: 11:38, 06.03.2020
Оңтүстік Кореядан келген азаматтар карантинге жабылды facebook.com

Еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 наурыздағы қаулысына сәйкес коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша 1 санаттағы елдерден (ҚХР, Оңтүстік Корея, Иран) оралған адамдар Қазақстанға келген күннен бастап жергілікті атқарушы органдар белгілеген нысанда 14 күн карантинде болады.

Осы Қаулыға сәйкес 05.03.2020 жылы сағат 15.50-де Сеул-Алматы рейсімен 197 адам келді. Оның ішінде 97 жолаушы транзитпен келген (Қырғызстан-23, Өзбекстан-37, РФ – 16, Украина – 18, Оңтүстік Корея – 2, Тәжікстан - 1).

Қырғызстан өз азаматтары үшін автобус жіберді. Полиция қызметкерлерінің көмегімен 21 қырғызстандық мінген втобус Қырғыз Республикасына жолға шықты.

Жалпы 100 адам медициналық мекемеге жеткізіліп, орналастырылды, оның ішінде 4 бала бар. Карантинде отырған адамдарға толық медициналық бақылау жүргізіледі.

Карантин кезінде (14 күн) карантин орнынан кетуге рұқсат етілмейді.

Карантин тәртібін бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мақсатында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдауда.

Ақпарат көзі: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы