426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚТЖ 2028 жылға қарай мыңға жуық вагонды есептен шығармақ

  • 206
  • UPD: 22:58, 06.03.2020

Қазір оларды жаңасына ауыстырып, кейбірін күрделі жөндеуден өткізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде ұлттық компанияда екі жарым мыңға тарта вагон бар. Компания басшысы Сауат Мыңбаев жүк тасымалы мен халыққа қызмет көрсету сапасына қатысты түйткілдер кезең-кезеңімен шешіледі дейді.    

Қазақстан темір жолын ұзаққа созылған дағдарыстан шығару – компания топ-менеджерлерінің басты міндеті. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында аталған акционерлік қоғамның басшысы Сауат Мыңбаев мәлімдеді. Қабылданған шаралар қазірдің өзінде оң нәтижесін бере бастаған.

Сауат Мыңбаев ,«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

– 2019 жылы 173 млрд теңге пайда түсті. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 35 процентке артық. Бірақ соған қарамастан, «Қазақстан темір жолы» өткен жылды 75 млрд теңге шығынмен аяқтады. Десе де, оның көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 12 млрд теңгеге азайды.

Жалға берілген барлық жүк вагондарын қайтарып алу, дизельге жұмсалатын шығындардың төмендеуі, өндірістік көрсеткіштердің жақсаруына септігін тигізген. Бұл жүк айналымының артуына, отын көлемінің азаюына әсер етпек.

Сауат Мыңбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

– Дизель отынымен қамтамсыз етуге қатысты жағдайды ретке келтіріп, жақсарттық. Шығындарды төмендету бойынша бірқатар шара қабылданды. Нәтижесінде, 2019 жылы дизель отыны 52 мың тоннаға аз сатып алынды. Бұл 2018 жылғы орташа айлық көлемінің эквивалентіне тең.

Сондай-ақ компания жүкті қағазсыз ресімдеуге көшті. Енді өтінішті үйден де беруге болады. «Қазақстан темір жолы» жүк тасымалына электрондық жүйені енгізу жағынан Беларусь, Ресей мен Украинаны басып озған.

Хабар 24 телеарнасы