422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде халықаралық әйелдер күніне орай жүгіруден жарыс ұйымдастырылды

  • 385
  • UPD: 12:55, 09.03.2020
Мәскеуде халықаралық әйелдер күніне орай жүгіруден жарыс ұйымдастырылды

Жарысқа 600-ден астам адам қатысты. Марафон Горький атындағы саябақта өтті.

Шараның бір ерекшелігі, жарыс басталар кезде сөреде тұрған ер азаматтарға гүл шоқтары таратылды. Олар бүкіл қашықтықты сол гүлдермен жүгіріп өтіп, мәре сызығына жеткенде оны өз сүйіктілеріне сыйлауы керек болды. Жалпы жарыс ережесі бойынша барлық қатысушылар 3 топқа бөлінді. Оның бірі студенттік жұптар болса, екіншісі жас жұбайлар, ал соңғы топ егде жастағы ерлі-зайыптылардан құралды. Жалпы бұл күні мерекелік көңіл-күй  бүкіл жерде сезілді.

Мәселен, бір топ волонтер мейрамға орай көшеде жүрген барлық нәзік жандыларға гүл шоқтарын сыйлады. Ал шаһар билігі әйелдерге қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігін ұсынды. Музейлер мен өнер орталықтары да қонақ боп келген нәзік жандыларды ақысыз қарсы алды. 

- Өте ерекше шара. Әдеттегі мейрамхана немесе серуен емес. Сондықтан болар оған қатысуды жөн көрдім. 

- Бәрі де махаббат пен денсаулықтан басталады. Ал денсаулық кепілі спорт.

Хабар 24 телеарнасы