411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауыл шаруашылығы саласында жемқорлық азаймай тұр

  • 190
  • UPD: 22:28, 10.03.2020
Ауыл шаруашылығы саласында жемқорлық азаймай тұр

Ауыл шаруашылығы саласындағы жемқорлық тыйылмай тұр. Өткен жылдың өзінде осындай 155 жағдай тіркелген. Өкініштісі сол, көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай артқан.

Бұл жөнінде бүгін «Нұр-Отан» партиясындағы республикалық қоғамдық кеңес отырысында белгілі болды. Жиында жемқорлық фактілеріне итермелейтін себептер сөз болып, оның алдын-алуға қатысты ұсыныстар айтылды. Оның ішінде өткен жылы қабылданған арнайы заңның тетіктері талқыланды. Өйткені, құжатта мәселені реттеудің жолдары қарастырылған. Бұған қоса, құзырлы министрлік мемлекеттік қызметтерді толықтай автоматтантыруды қолға алды.  

Марат Оразаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы:

- Мынау мемлекеттік қолдау шаралары дейміз. Тауар өндірушілер субсидия алады ғой. Соған қатысты 16 бағыт болса, жыл соңында барлығы автоматтандырылды. Яғни, тауар өндірушілер субсидия ау мәселесіне келгенде толық портал арқылы жүргізіледі. Соның арқасында біраз құқық бұзушылықтың алдын алдық деп айта аламыз.

Хабар 24 телеарнасы