414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында бедеулік белең алып барады

  • 178
  • UPD: 23:54, 10.03.2020

Қарағанды облысында биыл ЭКО әдісімен ұрықтандыруға 80 квота бөлінген. Алайда бұл аталмыш процедурада кезекте тұрғандардың санын азайтуға жеткіліксіз болып тұр. 

Себебі тек биылдың өзінде дәрігерлер қабылдауына келген 557 отбасының балалы болу бақытын сезіне алмайтыны анықталған. Ал мемлекет тарапынан берілетін жеңілдікті 5-6 жыл күтуге тура келеді. Мәселенің шешімі қандай? 

Евгения Прасолованың төбесі көкке екі елі ғана жетпей тұр. 8 жыл бойы сарыла күткен нәрестенің бойына біткеніне бүгін 8 апта болыпты. Қолындағы ультрадыбыстық зерттеу анықтамасын қуана көрсетті. Табиғи жолмен толықсымаған ол ақыры медициналық әдіспен жүкті болды.

Евгения Прасолова, қала тұрғыны:

-  Бүгін тұп-тура 8 апта үш күн болды. Қазір бақылаудан өтіп жүрміз. Уайымдап, кейде тіпті толқып кетемін. 8 жыл бойы күткен нәрестеміз ғой, қазір бәрі сәтті өтіп жатыр. Бәрі жақсы болады деп сенемін.

- Бұның ішіде сұйық азот бар. Бірінде аналық клеткалар енді бірінде аталық ұрық сақталған.

Орталық ашылғалы бері мұнда шамамен 200-дей жұп келген. Олардың  42 проценті бақытқа бөленіп, балалы болды. Алайда мамандар бүгінде бедеуліктің көбейіп, тіпті жастар арасында белең алып келе жатқанына алаңдаулы.

Индира Жылқыбаева, репродуктолог:

- Бұрын бізге 35-38 жастағы адамдар келетін. Қазір 1995-1998 жылғы адамдар да келеді. Өкінішке орай, көбейді. Ерлер арасында бедеулік көп. Бұрын ерлер бедеулігі 25 пайыз, әйелдер 50 пайыз болса қазір теңбе-тең болып келеді. Экоұрықтандыруда қазір үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Себебі қазір өте актуалды. Бұрын 20-25 пайыз  болса, қазір 40 пайызға дейін жақындады. 

Бұл орайда бала сүйгісі келетін отбасылардың ерте бастан дәрігерге қаралғаны аса маңызды. Себебі шартты түрде алғанда 40 жастағы әйелдің бала көтеру мүмкіндігі тек 15 процентті құрайды. Мамандар бұл індеттің артуы қоғам болып алаңдайтын мәселеге айналды дейді.

Жанна Әмірбекова,  акушер-гинеколог:

- Биылдан бастап МӘМС бағдарламасы қосылуда, «Саламатты Қазақстан-2025» бағдарламасы бар. Сондықтан жасанды ұрықтандыру осы бағдарламаға кіріп отыр. Нәтижесінде бедеулікпен кезекте тұрғандар өздеріне арнайы квотаны МӘМС арқылы ала алады деп ойлаймын. 

Бүгінгі медицина дамыған заманда «бедеулік» деген диагноз «бала сүйе алмайсың» деген сөз емес. Себебі экстракорпоралды, донорлық және суррогат аналық ұрықтандыру тәсілдері бар. Бірі болмаса, бірінен нәтиже шығуы мүмкін. Тек оған қыруар қаржы керек екені мәлім. Ал ем-шара МӘМС жүйесіне енгізілсе, бақытты отбасылардың саны да артар еді дейді сала мамандары.

Авторлары: Дәуренбек Бақдәулетұлы, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы