422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл Наурыз мейрамы мемлекеттік деңгейде тойланбайды

  • 1207
  • UPD: 13:25, 12.03.2020
Биыл Наурыз мейрамы мемлекеттік деңгейде тойланбайды

Бұл туралы коронавирустың алдын алу бойынша өткен брифингте ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов  айтты.

«Көрісу, Наурыз – халықпен біте қайнасқан, дәстүрлі мейрам. Дегенмен, адам өмірі маңызды. Сол себепті де Наурызда үлкен мерекелік тойларға тыйым салынады. Бірақ ағайындардың бір-біріне барып құттықтауын, көрісуін ешкім қадағалап отыра алмайды. Оған шектеу қойылмайды да. Әрбір азамат тек өзін ғана ойламауы керек, өзінің отбасын, айналасының қауіпсіздігін ойлауы керек», – деді ол.

Қазақстанда коронавирус жағдайы тіркелген жоқ – Ералы Тоғжанов

Қазақстанда студенттер 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқытылады

Елімізде бұқаралық іс-шараларды өткізуге толық тыйым салынды

Хабар 24 телеарнасы