429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ ұлттық университетінде «Хабар» арнасының күндері басталады

  • 714
  • UPD: 19:54, 12.03.2020
Қазақ ұлттық университетінде «Хабар» арнасының күндері басталады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінде 13 наурыз 2020 жылы сағат 11-00-де № 2 дәріс залында әл-Фарабидің 1150 жылдығы және «Хабар» агенттігі» АҚ 25 жылдығы аясында «Хабар» арнасының күндері басталады.

Алғашқы дәрісті «Хабар» арнасының тілшісі, журналистика магистрі Алуа Маханбет жүргізеді. Бағдарлама аясында оқу жылының соңына дейін Журналистика факультеті студенттеріне «Хабар» агенттігінің басшылары, журналистері мен режиссерлері шеберлік-сыныптарын өткізеді.

1995 жылы қазақ телеарнасының ақпараттық қызметі негізінде «Хабар» Ұлттық Телевизиялық Ақпараттық Агенттігі құрылады. Бүгінгі таңда «Хабар» Агенттігі» АҚ – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын төрт арнаның тоғысқан орталығы. «Хабар» Агенттігі» АҚ құрамына республикалық «Хабар» мен «Хабар 24», «Kazakh TV», «EL ARNA»  телеарналары кіреді. Агенттіктің Қазақстанда және Ресей, АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея, Қытай, Бельгия, Түркия, Өзбекстан елдерінде тілшілер қосыны жұмыс істейді. Тілшілер жұмысы EMMY телевизиялық сыйлығының номинанты атанып, «Золотой глагол» сайысының бас жүлдесін иеленген. «Хабар» Агенттігі» – Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағына (ABU), Азия және Тынық мұхиты жаңалықтар агенттігі ұйымына (OANA), Азия және Тынық мұхиты Хабар таратуды дамыту институтына (AIBD), Телевизия мен радионың Еуразиялық академиясына (ЕАТР) мүше.

Биыл «Хабар» Агенттігінің» құрылғанына 25 жыл толды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Хабар» агенттігі» АҚ арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға 2010 жылы қол қойылып, 2014 жылы  құжат мерзімі ұзартылды. «Хабар» агенттінің 15 жылдығы қарсаңында Журналистика факультетінде № 226 «Хабар» оқу аудиториясы ашылды.

Байланыс үшін: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор Г.С. Султанбаева тел.: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049;

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары А.Б.Ақынбекова, тел.: +77272211351, моб.: +77772750861

Хабар 24 телеарнасы