413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Байбек: Қазақстан азаматы атанғандар тіліміз бен мәдениетімізді сыйлауы керек

  • 225
  • UPD: 22:57, 12.03.2020

Елбасы тапсырмасымен Nur Otan партиясының өкілдері ел ішін аралап жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Жамбыл облысына барды. Онда зиялы қауым өкілдерімен, кәсіпкерлер және жастармен кездесті. Жуалы, Қордай аудандарында болып, жергілікті тұрғындардың мәселелерін тыңдады.

Бас партия төрағасының бірінші орынбасары жұмысын Бауыржан Момышұлы ауылынан бастады. Ауылдың іскер әйелдермен кездесіп, микробизнесті дамыту мәселелерін талқылады. Кәсіпкерлер істеп тұрған кәсіпті одан әрі жетілдіріп, ұлғайтуға жеңілдетілген несие және қайтарамсыз гранттарды көбейтуді сұрады.

Айнакүл Ахмадбекова, кәсіпкер:

– 1,2 гектар жер берілді. Сол жерге жол салып берсе екен деймін. Өзімнің кәсібімді дамыту мақсатында қайтарымсыз несие болса, соны қарастырсаңыздар!

Асима Шүкеева, кәсіпкер:

– Мен көп балалы анамын. 2013 жылдан бері жеке кәсіпкермін. Мемлекет қолдауын сезініп, бүгінде аяққа нық тұрғаннан кейін өзім қоғамға пайдам келтірсін деген мақсатпен өзім сияқты көп балалы аналардың балаларын биылғы оқу жылында тегін білім алып жатыр.

Жуалы ауданында алдағы 5 жылда шағын және орта кәсіпкерлік, инфрақұрылымды дамытуға күш салынбақ. Әсіресе ауыз су мәселесі өзекті. Бұл проблеманы жүйелі шешу үшін 17 ауылға жобалау жұмыстары жүргізілген. Биыл 1,2 миллиард теңгеге 5 шағын және орта кәсіпкерлікті елді мекенге ауыз су жүйесін тарту көзделіп отыр.

Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– Партия тарапынан да Елбасы айтып жатыр. Билеуші партия ретінде біз іріктеуді жоспарлап отырмыз. Іріктеуге әрбір мәслихат ең кемінде 30 процент әйел азамат болуы керек деп жатыр. Сондықтан Nur Otan-ның негізгі мақсаты – проблемаларды көтеріп, талқылап, бюджеттің мүмкіндігіне қарап, нақты істермен халыққа дәлелдеу керек.

Бұдан кейін Таразда партияның аймақтық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.

Бауыржан Байбектің жұмыс сапары Қордай ауданында жалғасты. Ол оқыс оқиға болған ауылдарға барып, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері және фракция депутаттарымен кездесті. Қордаланған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелердің шешілуі Nur Otan партиясының назарында болатындығын айтты.

Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– Барлық қиын жағдайлардан сабақ алып, ашық партия алаңында талқылауымыз керек. Кез келген адам Қазақстанның азаматы атанды ма, тілді, мәдениетті сыйлау керек. Ең бастысы, заңның үстемдігі. Кез келген адам ұлтына, тіліне, әлеуметтік жағдайына, дініне қарамастан бәрі заңның алдында тең!

Бұдан кейін ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесті. Ақсақалдардың пікірін тыңдады.

Тұрған Жасыбаев, Қарасу ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Бүгінде біздің мемлекетіміз күн сайын емес, сәт сайын өркендеп өсіп келеді. Сондай қиын уақытта осындай астананы кім соғады? Кеше тігулі ақ боз үй болғанымен, сол ақ боз үйге қонақ күтетін күй болған жоқ. Бүгін ше, төрткүл дүниенің алпауыт мемекеттері біздің мемлекетіміздің ақ босағасынан еңкейіп кіріп, марқайып шығып жатыр.

Айта кету керек, биыл Қордай ауданында жалпы құны 5 миллиард теңге болатын 21 жоба жүзеге асырылады. Үш мектеп пен кезекте тұрған азаматтарға 50 пәтерлік көп қабатты тұрғын үй салу жоспарда. Сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым жүйелері де тартылмақ. 

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Жамбыл облысы

Хабар 24 телеарнасы