422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Біз – Жеңістің мұрагеріміз» атты еске алу эстафетасы Қостанайға жетті

  • 480
  • UPD: 08:46, 13.03.2020
«Біз – Жеңістің мұрагеріміз» атты еске алу эстафетасы Қостанайға жетті

«Біз – Жеңістің мұрагеріміз» деп аталатын еске алу эстафетасы Қостанайға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның басты атрибуты Панфилов дивизиясының туын Тобыл өңірі Ақтөбеден қабылдап алды. Салтанатты рәсім Жеңіс саябағында өтті.

Естеріңізге салайық, Жеңістің 75 жылдығына арналған эстафета 5 ақпанда басталған болатын. Еліміздің барлық қалалары арқылы өтетін жауынгерлік туды қолдан қолға тапсыру рәсімі 5 мамырда аяқталады. Осы аралықтағы эсафета қашықтығы 11 мың шақырымға жетеді. Айта кетейік, қостанайлықтардан кейін жауынгерлік ту Көкшетауға табыс етіледі.

Қанат Беляков, ҚР Ұлттық ұланның «"Орталық» өңірлік қолбасшысының орынбасары:

- Бұл эстафета аясында біз жеке құрамдармен тәрбиелік сағаттарын өткізу мен тематикалық кеш, ардагерлермен кездесу, ардагерлердің үйіне барып марапаттау, тағы да бірталай шаралар жоспарланған болатын.

Хабар 24 телеарнасы