430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда азық-түлік бағасының өсуіне ешқандай негіз жоқ

  • 481
  • UPD: 20:33, 14.03.2020
Түркістанда азық-түлік бағасының өсуіне ешқандай негіз жоқ

Мамандар облыстың тұрақтандыру қорында 8 мың тоннадан астам картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат барын айтады.

Бұдан бөлек, көптеп қант, күріш және макарон сатып алынбақ. Жалпы облыс орталығында 14 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Онда азық-түлік нарықтағыдан төмен бағамен сатылады.

Бағлан Жұмашбеков, Түркістан ӘКК АҚ басқарушы директоры:

- Жеңіл тауар өндіруші мен сауда орындарында арзан бағамен сату, оларға жеткізіп беру жұмыстарын атқарып келеміз. Одан соң әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Осының барлығы бағаны тұрақты ұстап тұруға септігін тигізеді деп ойлаймын. Биыл баға тұрақтандыруға байланысты 1 млрд 800 млн теңге қарастырылған. Соған байланысты сатып алу, сату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы