412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 32 адамға жетті

  • 416
  • UPD: 17:48, 17.03.2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 32 адамға жетті

Қазақстандағы коронавирус бойынша 17 наурыздағы сағат 16:00-дегі жағдай:

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Алматы қаласында 4 науқас, Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам тіркелді.

Осы сағатта Алматы қаласында 15 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 17 адам, жалпы 32 науқас тіркелді.

Қолда бар ақпарға сүйенсек, арнайы карантинге жатқызылған адамдар саны 1 мың 536. Ал 1 мың 94 адам үй жағдайында карантинде. Медициналық қадағалауға алынғандардың жалпы саны 2 мың 97 адамды құрайды.

Бүгін Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 14 науқас тіркелген болатын

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимі енгізілді

Бүгін Алматыда коронавирус жұқтырған тағы 3 адам анықталған болатын.

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың арасында екі жасар бүлдіршін де бар.

Бұған дейін 15 наурызда Ыстамбұл рейсімен келген бойжеткеннен коронавирус анықталғанын мәлімдегенбіз. 

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 8 адамға жетті

Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында коронавируске байланысты төтенше жағдай енгізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұма намазға қатысты үндеу жариялады

Төтенше жағдай кезінде елордадағы нысандар қалай жұмыс істейді

Қолма-қол ақша коронавирус тасымалдауы мүмкін – мамандар

Ірі сауда нысандары мен базарлардың жұмыс кестесі өзгереді

Хабар 24 телеарнасы