414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдейтін дәрігерлер үйлеріне жіберіле ме

  • 270
  • UPD: 19:51, 18.03.2020
Коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдейтін дәрігерлер үйлеріне жіберіле ме

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған науқастарды емдейтін дәрігерлер мен мейірбикелер үйлеріне де бармайды.

«Коронавирус инфекциясы анықталған науқастар жатқан жерде 60-тан астам дәрігерлер мен медбикелер сол мекемеден шықпайды. Ғимараттың бір бөлімшесінде оларға жағдай жасалған. Жұмыс уақыты біткен соң сол жерде демалып, тамақтанып, келесі ауысымға кіріседі. Бұл – біздің эпидемиологиялық режимге сәйкес істелген іс-шаралар», - деді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова ОКҚ брифингінде.

Нұр-Сұлтандағы коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы айтылды

Қазіргі уақытта Қазақстанда дертке шалдыққандар саны 36-ға жетті

Коронавируспен күресіп жатқан қазақстандық дәрігерлер ерекше акцияны бастады

Хабар 24 телеарнасы