445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында лауазымды тұлғалар күдікке ілінді

  • 106
Қарағанды облысында лауазымды тұлғалар күдікке ілінді

Қарағанды облысының бірқатар лауазымды тұлғасы мектеп құрылысына бөлінген 45 миллион теңгені жымқырды деп күдікке ілікті, деп хабарлайды «Хабар 24».

13 наурыз күні Балқаш қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлімі осы іске байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Іс бойынша Ақтоғай ауданының Тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөлімімен, құрылыс компаниясының лауазымды қызметкерлері жауапқа тартылды. Аталмыш қаражат мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ақтоғай ауданының Сарышаған кентінде 464 орындық мектеп салуға бағытталған. Енді мәселенің ақ-қарасын сот анықтайтын болады. 

Хабар 24 телеарнасы