Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшылары мейрамханалар мен дәмханаларды тексеріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Енгізілген карантинге қарамастан елордада той-томалақты жасырын түрде өткізіп жатқандар бар көрінеді.
Осыған байланысты бүгін полиция өкілдері дәмханалар мен мейрамханаларды аралап, тексеру және ескерту жұмыстарын жүргізді. Сондай рейдтердің біріне арна тілшісі Мейірлан Алтынбек те қатысуда.