443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте азық-түлік бағасы тұрақты

  • 144
  • UPD: 23:13, 22.03.2020

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов базардағы бағаны бағамдау үшін шаһардағы бірнеше сауда орындарын аралады. Көкөніс өнімдерін көтерме және бөлшек түрде саудалайтын «Қазыбек» базары мен «Шахан 2» сауда орталығында болып, азық-түліктің бүгінгі бағасымен жеке танысты. Әкім сауда орталықтарының жетекшілеріне осында келген тұтынушылар, саудагерлер мен жұмысшылар міндетті түрде медициналық бетпердемен жүру керектігін ескертті. Бұл ретте әкім шаһар халқын бетпердемен қамту мәселесі толық шешіледі, деп түйді.

Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурызда қала әкімі Мұрат Әйтенов бағаның тұрақты болуына мән берді. Қазір әлемді дерт дендеген кезеңде халыққа жағдай жасау басты міндет. Осыны ескерген шаһар басшысы азық-түлік өнімдерінің жеткілікті әрі бағасының көтерілмеуі бақылауда болатынын айтты. 

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

- Бір екі үш айлыққа ұнымыз қалада бар. Одан басқа да жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Ертерек алып қою мәселесін қазір бізге тұрақтандыру қорында 1 млрд 200 мың ақша бар. Соған тізіп бекітіп, оптовиктермен келісіп алып келуге жолдары жасалуда. 

Базардағы нан бағасы бұрынғы қалыпта дейді сауадагерлер. Бөлке нан көлеміне қарай 70-75 теңгеден саудаланса, ал тандыр нан 80-85 теңгеден. Ал картоп бағасы бастапқыға қарағанда 30 теңгеге қымбаттаған. Себебі сұранысқа ие. 

Арапат Ерметова, сатушы:

- Бұрынғы  сатқан бағамызда сатып жатырмыз. Әлі көтерілген жоқ. Сол бағада. Жеткізуші күнде уақытылы алып келіп жатыр. 

Береке Дүйсебеков, қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

- Бүгінгі таңда қала бойынша барлық супермаркеттер барлық дүкендердің бағасы тұрақты бақылауда тұр. Тұрақтандыру қоры арқылы «Грамад» деген ірі гипермаркетке біз несиелендіру жұмысын жасадық. 800 млн несие беріп, қазіргі таңда 11 әлеуметтік маңызы бар тауарды тұрақты бағада сатуды бақылап отырмыз. 

Базар мен сауда орталықтарына келген тұтынушылар медициналық бетперде киіп жүруі тиіс. Бұл қатаң түрде бақыланады деді әкім Мұрат Әйтенов. Сондай-ақ санитарлық талапты сақтауы да міндет. Ал сауда орындарында қажетті азық-түлік өнімдеріне сұраныс бір қалыпты. 

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы