418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин режимін бұзғандарға қандай жаза қарастырылады

  • 441
  • UPD: 09:37, 27.03.2020
Карантин режимін бұзғандарға қандай жаза қарастырылады

Төтенше жағдай кезінде карантин режимінің талаптарын сақтамағандарға Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің шеңберінде әкімшілік жауапкершілік көзделеді:

– ескерту немесе 26,5 мың теңге мөлшерінде айыппұл;

– немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу (ӘҚБтК-нің 476-бабы).

Сонымен қатар азаматтар құқық қорғау органдарының заңды талаптарына бағынбағаны үшін мынадай жазаға тартылады (ӘҚБтК-нің 667-бабы):

– 106 мың теңгеге дейінгі мөлшерінде айыппұл;

– немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу.

Сонымен бірге төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады:

– 5,3 миллион теңгеге дейінгі мөлшерінде айыппұл;

– немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру (ҚР ҚК 379-бабы).

Барлық шектеу іс-шаралары уақытша және инфекцияның таралуын болдырмау үшін ғана қабылданып жатқанын айтып өткен жөн.

Ақпарат көзі: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы