424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда маңындағы елді мекендерге автобустар тоқтады

  • 462
  • UPD: 10:16, 28.03.2020

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан маңындағы елді мекендерге баратын автобустар тоқтайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елорда аумағында карантиндік режимнің енгізілуіне байланысты қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді. Бұдан бөлек, автобусқа кіріп-шығу тәртібі де өзгерді

Блиц 1:

Бізге ыңғайлы ғой. Біз де қағаз ақша ұстауға қорқамыз. Алыс тұрғаны жақсы.

Блиц 2:

- Арттағы адам алдына келмесе, әрине, ыңғайлы. Білмеймін енді. Адамдар тақалмаса, пайдасы болатын шығар жүргізушіге.

Елордалық автубустарға алдыңғы есіктен кіруге тыйым салынды. Енді жүргізушінің маңы арнайы жіппен бөлініп тұрады. Ал жолақы тек картамен немесе SMS арқылы төленуі тиіс. Яғни, қолма-қол төлемдер қабылданбайды. Бұған қоса, автобустардың жүру уақыты қысқартылды.

Бекмырза Игенбердинов, City Transportation Systems басқарма төрағасы:

- 28 наурыздан бастап экспресс және қала маңындағы бағдарлар қозғалысы тоқтатылады. Бұл Қосшы, Қоянды, Тайтөбе, Талапкер, Жібек жолы, Қызылсуат, Ы.Алтынсарин және Нұрлы ауылдарына баратын автобустар. Шектеу шаралары карантин аяқталғанға дейін енгізіледі.

Қала маңындағы елді мекен тұрғындарының көбі бұл өзгерісті құптымайды. Бірақ жұмысы қалада болғандықтан, амал жоқ.

Блиц 1:

Бусиктер бар. Жекеменшіктер өздері тасып жүретін. 200 теңге алады. Бірнеше рет қатынап келді әрі-бері. Соларға рахмет.

Блиц 2:

- Таксимен барамыз енді жұмысқа. Амал жоқ енді өлу керек пе? Бала-шағамызды асырауымыз керек. Үйде мен жалғыз өзім жұмыс істеп жатырмын.

Қоғамдық көліктердің қозғалысын шектеу – халықаралық тәжірибе. Қытайда коронавирус өткен жылдың соңында пайда болды. Аурудың эпицентрі Ухань қаласы болғандықтан, 23 қаңтарда оны карантинге жапты. Сол кезден бастап Уханьда қалалық көліктің жұмысы тоқтатылды. Бұл кезеңде Қытайда бойынша аурулардың саны 800-ден асқан еді.

Ботагөз Сырғабаева, тілші:

Тек қана екі айдан кейін, яғни 25 наурызда, Уханьда автобустар қайта жұмыс істей бастады. Қазір Қытайдың бірнеше аумақтарында, оның ішінде Ухань да бар, әр адамға оның денсаулығын белгілейтін арнайы QR код беріледі. Оның жасыл түсі адамның дені сау болғандығын белгілейді, сондай азамат автобусқа отыра алады. Қоғамдық көліктің ішінде адамдар саны оның сыйымдылығының 50%-інен аспау керек.

Өзбекстан астанасы Ташкентте де қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтағанына бірнеше күн болды. Қалада тек такси жүреді. Бірақ оларға қойылатын санитарлық талаптар күшейтілген. Көлігін тазаламаған жүргізушілер жауапқа тартылады.

Жасын Біркенов, тілші:

- Қазір Ташкентте қоғамдық көлік жүрмейді. Оның жұмысы наурыздың 22-інен бастап тоқтатылды. Метро, автобустар қатынамайды қаланың ішінде. Қалада тек тасимен ғана жүруге болады. Оның өзі бұл таксилер арнайы орындарда зарарсыздандырылуы тиіс. Жүргізушілерге оны растайтын құжат беріледі және ол құжатсыз олар жұмыс істей алмайды. Ол үшін тиісті жаза да қарастырылған.

Ал бізде жеке тасымалдаушыларға қатысты әзірге ешқандай талап жоқ. Көліктің таза болуы жүргізушіге байланысты. Ал жолаушылар жеке бас гигиенасына қазір үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Блиц 1:

- Адамдар өз-өзін қорғаса, қорғанады ғой. Менде антисептик, салфетки бар.

Блиц 2:

- Такси жүргізушілері көлікті тазалайды ма жоқпа белгісіз. Сондықтан тек өзіме сенемін.

Коронавирустың таралуына тосқауыл болатын шаралар күшейтілді. Дегенмен, мамандар: «қоғамдық көліктер бактериялар тез тарайтын жерлердің бірі» деген пікірде. Сондықтан тасымалдаушылар карантин кезінде қоғамдық көліктердің жұмысын толық тоқтатуды ұсынып отыр.

Авторлары: Ғазиһза Мұхамеджанова, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы