419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы түзеу мекемесінде бетперде тігіліп жатыр

  • 468
  • UPD: 13:08, 28.03.2020
ШҚО-дағы түзеу мекемесінде бетперде тігіліп жатыр

Шығыс Қазақстандағы қылмыстық атқару жүйесінің 6 түзеу мекемесінде бетперде тігу цехі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір апта ішінде бұл өндіріс орындары 40 мың дана қорғаныш бұйымын тігіп шығарды. Тігін цехтарында жалпы 200 жазасын өтеуші еңбек етеді. Жалақыларын да алады. Бетперделер алдымен Ішкі істер министрлігі құрамындағы салаларға таратылды. Өздері де бетпердемен қамтылған. Сонымен қатар мұндағы жазасын өтеушілер өз қолдарымен тіккен медициналық бұйымды отбасыларына жіберуге мүмкіндік алып отыр. Ал жақында кезекті партия облыс әкімдігіне жеткізілмек.

Архат Смағұлов, облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары:

- Маскалармен бірінші кезекте ІІМ қызмете жүргендердерді қамтамасыз еттік, айта кетсек ТЖ комитетіне 20 мың дана қойдық, облыстық полиция департаментіне 10 мың маска, өзіміздің түзеу мекемелеріне,жазасын өтеушілерге 17 мың маскамен қамтамасыз еттік.

Хабар 24 телеарнасы