399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда мұқтаж жандарға медициналық бетперде таратылды

  • 210
  • UPD: 18:17, 28.03.2020

Волонтерлердің републикалық фронт кеңсесі Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан 500 мың бетперде алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, бұл бірлестік қазіргі уақытта 150 ұйымның басын қосып отыр. Ал Президент берген бетперделер мүгедектер, жетімдер мен қарттар үйіндегі ата-әжелерімізге тегін таратылып жатыр.

Осылайша, волонтерлер қоғамдық көлік жолаушыларына маскаларды тегін таратты. Игі істері арқылы көпшілікке ой салуды көздеген жастар індеттің таралмауына үлес қоссақ дейді. Жалпы, елордада түрлі бағытта қайырымдылық жасауға ынталы 80-ге жуық еріктілер клубы бар. Әр клубтың өкілдері бүгінде бір кісідей игілікті іс-шараға жұмылған. Бірі маскаларды сұрыптаса, өзгелері бетпердені түрлі нысанға таратуға кіріскен. 

Дәулет Кәрібек, қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы:

– Бұл жердегі басты мақсат, карантин аумағында аурудың ары қарай өршуіне жол бермеу. Осы жерде волонтерлердің өзінің мемлекеттен біз не аламыз емес, мемлекетке не береміз деген қызметін көруге болады деп ойлаймын. Жалпы, осы акцияның аясында 150 мыңнан аса маска тарату жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, волонтерлер «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына да 7 мыңдай бетперде апарып берді. Бұл жерде 320 адам тұрады. Оның 100-ден астамы бірінші және екінші топтағы мүгедек жандар. Бұл орталық та қазір карантинде. Тұрғындардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнбес үшін, сырттан адам кіргізбейді. Бетперделерді де сыртқы есіктің алдында табыс етті.

Ардақ Сейітова, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары:

– Мұндай бетперделер бізге керек. Біздің өзіміз мекемеде арнайы антисептикалық құралдармен және бетперделермен қамтып отырмыз. Бірақ бүгін бізге жасаған еріктілердің осындай көмегі бұл бізге көпке жетеді деген үміттеміз.

Вера Ким, Ұлттық волонтерлер желісінің жетекшісі:

– Біздің негізгі міндетіміз, бетпердеге мұқтаж жандарға жаппай таратып шығу. Бір реттік қолдануға арналған медициналық бетперлерді балалар үйлеріне, ауруханалар мен әлеуметтік осал топқа береміз. Біз бір жағынан өзгелерге үлгі көрсеткіміз келді. Мүмкін, осындай орталықтарға көмек көрсеткісі келетіндер болар.

«Біз біргеміз» акциясы аясында елордада аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, жүкті әйелдер мен диспансерлік есептегі қарттарға тегін маскалар мен дәрі-дәрмекті жеткізу қолға алынған.

Авторлары: Бақыт Топтаева, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы