411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да елді мекендер арасында қатынас тоқтатылды

  • 179
  • UPD: 19:50, 31.03.2020
БҚО-да елді мекендер арасында қатынас тоқтатылды

Батыс Қазақстан да бүгін қосымша шектеу шараларын енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Өңірдегі барлық аудан мен елді мекен тұрғындарының жүріп-тұруы шектелді. Тек жұмыс орнына барып-қайтуына рұқсат. Азық-түлік дүкендері жұмысын жалғастыра береді. Алайда шаштараз бен қонақ үй секілді түрлі қызмет ұсынатын орындар жабылды. Банктер де жұмыс істемейді. Кейбір кәсіпорындарда жұмыс уақыты 2 сағатқа қысқаруы мүмкін. Қоғамдық көліктер таңғы сағат 6-дан кешкі 7-ге дейін ғана қатынайды.   

Мұхамғали Арыспаев, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

– Карантин кезінде барлық жерде дезинфекция жұмыстары күшейтілуі тиіс.  Әсіресе тамақ сататын базарлар, үлкен тамақ орындары, көшелерде,  адамдар көп шоғырланатын парктер мен скверлерде үйлерде күшейтілген режимде жүргізіледі.

Жанболат Жаншин, облыстық ПД ЖПБ бастығы:

– Біздің облыста 90 блок пост қойылады. Ол соның ішінде 16 блок пост, соның ішінде 8-і біздің Орал қаласына қойылады. 8-і шекарадағы Атырау мен Ақтөбе облыстары және Ресей Федерациясымен шекаралас жерлерге қойылады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы