411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада инфекция шыққан үй дәліздерінде дезинфекциялау жұмыстары күшейтілді

  • 162
  • UPD: 22:04, 01.04.2020

Бас қалада 15 тұрғын үйдің кей кіреберісі карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирус жұқтырғандар стационарда. Олармен байланыста болғандар анықталды. Инфекция шыққан үй дәліздері мен аулаларда дезинфекциялау жұмыстары күшейтілді.

Бүгінгі таңда әлеуметтік желіде «Жағалау-3» тұрғын үй кешінінің 7-ші блогын карантинге жапқаны туралы мәлімет тарады. Шынымен бұл үйге сырттан бөгде адамдардың кіруіне рұқсат жоқ. 7-ші блокта 57 пәтер бар. Алайда, жақында пайдалануға берілгендіктен, тек 6 отбасы қоныстанып үлгерген. Қалғандары бос тұр. Терезе арқылы тілдескен тұрғынның айтуынша, дәл қазір үйдегі пәтерлердің бірінен су кеткен.

Қорған Төреқожа, тілші:

- Кенен Әзербаев 14 мекенжайы бойынша орналасқан мына тұрғын үйдің бірінші кіреберісі де карантинге жабылған. Бұл подъезде көріп тұрғанымыздай, 36 пәтер бар. Тұрғындар сыртқа тек тамақ, дәрі-дәрмек алу үшін шыға алады. Ал, басқа жағдайда далаға шығуға рұқсат жоқ.

Әділбек Сәлім, электромеханик:

- Карантин басталғалы біз келіп, лифтілерді бірінші қабатта тоқтатып, оларға дезинфекция жасады. Сосын екі-үш сағат өткен соң лифтілерді қайтадан іске қостық.

Қорған Төреқожа, тілші:

- Нақты қай пәтердің тұрғынынан вирус анықталғанын әкімдік өкілдері айта қоймады. Белгілісі, қала бойынша 15 үйдің осындай кіреберісі карантинге жабылды.

Айтматов 33 мекенжайындағы үй де оқшауланды. Қазір енді зарарсыздандыру жұмыстары қарқын алды. Дәліздер бен аулалар жаппай дезинфекцияланып жатыр.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы