413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда коронавирустан тағы алты адам емделіп шықты

  • 169
  • UPD: 12:04, 04.04.2020
Алматыда коронавирустан тағы алты адам емделіп шықты

Алматы қаласында коронавирус инфекциясынан тағы алты науқас емделіп, сауығып шықты.

Олардың 5-еуі ‒ әйел адам, біреуі ‒ ер адам.

Екеуі 16 наурызда Ыстамбұлдан келген, екеуі 10 наурызда Мәскеу ‒ Алматы рейсімен ұшып келген, біреуі 13 наурызда Берлиннен келген және біреуі вирус жұқтырған адаммен байланыста болған.

Қазіргі уақытта Алматыда жазылып шыққандардың саны – 19 адам.

Олардың барлығы 14 күндік үй карантині режимін сақтауда.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы

Хабар 24 телеарнасы