411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте коронавирустан көз жұмған адам Мәскеу-Алматы бағытында жол жүрген

  • 272
Шымкентте коронавирустан көз жұмған адам Мәскеу-Алматы бағытында жол жүрген

Шымкентте індеттен көз жұмған азамат – Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Атакент елді мекенінің тумасы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марқұмның жасы 56-да. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Мәскеу-Алматы бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. Сәуірдің үшінде дереу жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Халі мүшкіл болған соң, жансақтау бөлімшесіне ауыстырылыпты. Алайда көп ұзамай демі үзілген. Вирусты жұқтырған науқас бұған дейін қант диабетімен ауырған, қан қымысы да жоғары болған. Бір жыл бұрын туберкулезге шалдығып, ем қабылдаған екен. Марқұм эпидемиялогиялық режимге сәйкес жерленеді дейді дәрігерлер.

Әбдіманап Төлебаев, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

- Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен кезден бастап науқастың жағдайы өте ауыр болған. Жасанды желдету аппаратына қосылған. Қарқынды терапия жүргізілуіне қарамастан, жүрегі тоқтаған. Бүгін таңға жуық 03:50-минутта қайтыс болу фактісі тіркелген. Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 14 жағдайы тіркелген. Оның 10-ы байланыста болған, 12 коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жағдайы тұрақты. 55 жастағы пациенттің жағдайы ауыр.

Хабар 24 телеарнасы