421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде зейнетақылар 15 сәуірге дейін зейнеткерлердің үйіне жеткізіледі

  • 320
  • UPD: 15:43, 07.04.2020
Елімізде зейнетақылар 15 сәуірге дейін зейнеткерлердің үйіне жеткізіледі

Бүгінгі күнге дейін 389 572 зейнеткердің үйіне зейнетақысы жеткізіп, 6 мыңға жуық зейнеткер төлем картасына көшірілді.

Бұл туралы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Қазіргі уақытта қозғалыстың шектелуіне байланысты бұрын пошта бөлімшесіне зейнетақыға келетін барлық зейнеткерге сәуір айының зейнетақысын үйлеріне жеткізудеміз. Қалғандарына төлем картасын ашып, ақшаларын сол картаға аударып, карталарын үйлеріне жеткізіп беріп жатырмыз», - деді Сәкен Сәрсенов.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге 1-15 сәуір аралығында зейнетақыны үйге жеткізу кестесі бекітілгенін айтып өтті.

Сонымен қатар карантин біткен соң зейнетақыларын бөлімшеге келіп алғысы келетіндердің де бар екенін айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы