413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы: Қазіргі уақытта шағын кәсіп иелерін қолдауға айрықша назар аудару қажет

  • 143
  • UPD: 18:12, 07.04.2020

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр, республикалық жедел әрекет ету штабының жетекшісі Асқар Маминмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Уақытылы жасаған шаралардың нәтижесінде елде коронавирустың таралуы саябырлады. Медицина мамандары да аянып қалып жатқан жоқ. Үкімет белсенді жұмыс істеуде. Бірінші тоқсандағы экономикалық көрсеткіштер жаман емес. Алайда, карантиннің салдары әлі сезіліп жатыр. Осы шақта азық-түлік қорын қамтамасыз етіп, шағын кәсіп иелерін қолдауға айрықша назар аудару қажет», - деді Елбасы. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев ендігі жерде Ұлттық қордан бөлінетін қаржыны ұтымды пайдалану керектігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Барлық жасалып жатқан жұмысты көріп отырмын. Байқап отырмын. Президентпен бірігіп, келісіп, жасап жатырмыз. Уақытында жасаған шаралардың нәтижесінде коронавирустың таралуы саябырлады бізде. Анау күні Прзедиенттің айтқан мәселелерінің бәрін жергілікті жерлерге жеткізу керек. Мен әкімдермен сөйлесіп шығып, соның бәрін айттым. Жұмысты жасау керек. Ендігі мәселе бұдан кейін не істейміз? Экономикалық жағдай әлемде қиын болып жатыр. Бізде де оңай емес. Бірінші тоқсанның нәтижесін қарадым. Жаман емес. Әрине, әлі салдары тиген жоқ. Карантиннің салдары. Мынау екінші тоқсанда қиын болады. Сондықтан азық түлік мәселесі, әсіресе, шағын бизнесті аяқтан тұрғызу өте керек болып жатыр. Ұлттық қордан 4,5 млрд долларды бөлуді келістім. Үкіметтің өзінің резерві де сондай. 10 млрд төңірегінде ақша осы экономикаға келейін деп отыр. Осы ақшаны дұрыс пайдалана алсақ, біраз жерге дейін барамыз. Поэтому меры своевременные приняты. Они очень были важны. Они повлияли на снижение темпов распространения. Медицинские работники очень хорошо сработали. Правительство активно работает, я это вижу. С каждым днём, в непростых условиях, правоохранительные органы свою работу выполняют, местные органы свою работу выполняют.  Но, сейчас надо быть особо активным. И сейчас уже начинать думать, что мы будем делать после этого. Экономика снизится, наверное, будет тяжелее, чем мировой финансовый кризис 2008 года. Что мы будем делать? Какие инвестиции? Откуда? Здесь обратите своё внимание на обеспечение продовольствием, опять же на медицинское обеспечение населения. В общем, задач много.

Өз кезегінде Үкімет басшысы Асқар Мамин бірінші тоқсанда экономиканың базалық саласы дамығанын жеткізді. «Бірақ қызмет көрсету ісі қиын жағдайда», - деді. Ал, Елбасы шикізатқа иек артпауды тағы бір мәрте тілге тиек етті. Себебі, бізде экономиканы әртараптандыру мақсатында тиісті бағдарламалар қабылданған. Енді осы бағыттағы жұмысты жалғастыра беру аса маңызды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Аса Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазіргі таңда 670 адам коронавирус жұқтырды. Біз қазір санитарлық-эпидемиологиялық шараларды көрсетіп жатырмыз. Карантиндік шаралар енгізілді. Дұрыс айтып жатырсыз, экономика даму керек. Бірінші үш айда экономиканың базалық саласы дамып жатыр. Бірақ қазір қызмет көрсету салалары қиын жағдайда. Осы уақытта біздің басты міндетіміз Үкіметтің алдына Сіз қойған әлеуметік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.Осы бағытта біз жұмыс істеп жатырмыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

Мы же говорили, нам надо научиться работать без сырьевых ресурсов. Вот, оно сказывается. И для этого создавал фонд. Для этого запускали индустриально-инновационную программу, инфраструктурную программу. Вся эта работа даёт сейчас отдачу. Вот я смотрю, по данным обрабатывающей промышленности, машиностроения, это результат проведённой работы всей. То есть, продолжать надо эту работу. Не такие трудности мы переживали, начиная с 90 года, и это преодолеем. Самое главное – надо единство народа, спокойствие народа. Аскар Узакпаевич, я считаю, что Правительство нормально работает в трудных условиях, оперативно. Будем вам помогать. Слава Богу, мы меньше страдаем, чем другие. Но, пик не пройден ещё, ещё не всё. Поэтому выдержать, терпеливость проявить, толерантность друг к другу, уважение друг к другу. Младшие помогают старшим, старшие заботятся о младших, сосед соседу помогает, человек человеку помогает. Это время сейчас подошло. С одной стороны, имеет воспитательное значение, с другой стороны – это опыт жизненный, который мы проходим.

Сондай-ақ Елбасы ертең мақаласын жариялайтынын жеткізді. Онда қысылтаяң шақта халық қандай мәселеге назар аударып, қандай қадам жасау керектігі баяндалмақ.

Хабар 24 телеарнасы